Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Нумеролог 2019 жылдың бірінші тоқсаны қазақстандықтар үшін қиын болатынын ескертті

Нумеролог 2019 жылдың бірінші тоқсаны қазақстандықтар үшін қиын болатынын ескертті
ашық дереккөз
2018 жылдың аяқталуына санаулы күндер қалған кезде доллар бағамы да өсе бастады.
2018 жыл қуантты да, жылатты да. Сондықтан ескі жылды қорытындылап, жаңа жылға да болжам жасайтын уақыт жетті. Көкейімізде алдағы жыл биылғыдан да олжалы болады деген үзілмес үміт бар. Сонымен, келер жыл қандай болады?  Еуразия арнасының тілшілері арнайы мамандармен тілдесіп, доңыз жылына болжам жасап көрді. Алдағы жылға болжамды бірінші есеп-қисаптан бастап көрейік. Сандар сиқырына сенсек, 2019 жылдың басты саны «3» болғалы тұр. Ал нумерологияда ол әдеміліктің, шығармашылықтың символы-мыс. Нумеролог Луиза Тілегенованың есептеуінше, келер жылдың алғашқы үш айы қазақстандықтарға сәл қиындау болып келсе де, қалған уақыты өте табысты болмақ. «Өнер саласындағы адамдарға табысты жыл болады. Өнер адамдарына: бишілерге, суретшілер, ақындар, медицина саласындағы адамдардың қызметте жоғарылауы. Квалификациясы жоғарылап, оларға және өнер адамдарына жақсы жыл болып есептеледі»,-дейді нумеролог Луиза Тілегенова. Бойдақ қыз-жігіттердің құлағына алтын сырға. Отбасылы, үйлі болуыңызға доңыз жылы үлкен септігін тигізеді, дейді нумерологтар. Қосымша білім алып, көкжиегін кеңейтемін деушілерге де жол ашық. Астролог Ботагөз Нұрғали келер жылдың артықшылықтары көп боларын растап отыр. Әсіресе.... «Доңыз жылы Юпитер мен Сатурн ғаламдарына дәл келіп тұр. Сондықтан 2019 мерген, тоқты, арыстандарға сәтті жылдардың бірі болмақ. Сондай-ақ теңге де тұрақты болатынын айтып өткім келеді. Ал туризм қызметкерлеріне , әсіресе білім саласындағы мұғалімдерге келер жыл мол табыс әкеледі», -дейді астролог Ботагөз Нұрғали. Бұған қазір талқыланып жатқан «Ұстаз мәртбесі» туралы заң да септігін тигізер. Бұл ретте әлеуметтанушылар қарапайым халықтың да тұрмысы оңалатынын алға тартып отыр. «Халықтың әл-ауқаты жақсаруы тиіс. Міндетті де. Оған байланысты көптеген ауылды қолдауға мысалы көптеген бағдарламалар жүзеге асырып жатыр. Тіптен қалаға қолдау жасалып, әр аймақтағы қайтарымсыз игерілмеген қаржыны жастарға қолдауға жіберіледі. Осы шаралар өз нәтижесін береді деп ойлаймын»,-дейді әлеуметтанушы Есімбек Арынбек. Ал халық жағдайының жақсаруына теңгенің ықпалы зор екенін бәрі біледі. Валютамыз қандай болса, жұрттың күн көрісі де соған қарай құбыла береді. Осыған қатысты, экономистер бүй дейді. «Бізде Қазақстанда индустриалдың екінші бесжылдығы бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Кеше ғана телекөпір болып, 2018-ді жақсы нәтижемен біз аяқтадық. Ал енді 2019-да да бірнеше кәсіпорындар, қайта өңдеуші кәсіпорындар бірнеше жұмыс орындары ашылады. Яғни бұл деген сөз халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына әкеліп соғады»,-дейді экономист Ғалымжан Келме.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар