Басты жаңалықтар
Мақпал Жүнісова Қарақатқа алтын сыйлап, балаларына доллар шашты (видео)
- автор kyn.kz
- 28 желтоқсан, 2018
- 431
Жүнісова Қарақатқа: Анаңа, өзіңе бағалы алтын, балаларыңа 100 доллардан сыйлық беремін
Қарақат Әбілдина өнердегі әріптестерін үйіне қонақ етіп, барлығына дерлік өз атынан сыйлықтар үлестіріп жықты. Әншінің шаңырағына қонаққа келгендердің барлығы дерлік сахнада өнер көрсетіп жүрген танымал жұлдыздар.
Солардың бірі әрі бірегейі мақпал Жүнісова әдеттегідей өзінің жомарттығымен елдің көзіне түсті. Себебі әнші ізінен ерген өзі сыйлайтын сіңлісін сыйлықтың астында қалдырды деуге болады.
"Мынау анаңа алтын білезік. Мынау өзіңе алтын сырға мен сақина. Ал әр балаңа 100 доллардан берейін. Менің атымнан Жаңа жыл мерекесіне сыйлық болсын",- деді Мақпал Жүнісова.
Мұндай сый-құрметті күтпесе керек Қарақат ыңғайсызданып қалғанын жасырмады. Дегенмен Болмановтың келіншегі де қонақтардың барлығына сыйлық дайындап қойған екен. Мақпал апасына күміс сырға сақинасымен тарту етті.Посмотреть эту публикацию в InstagramОсы сыйластығымыз,ауызбіршілігіміз жалғаса берсін,сәлеміміз бұзылмасын.
Публикация от Макпал Жунусова (@zhunusova.makpal)
Көпшілік бір- біріне бағалы бұйымдарды асажомарттықпен тарту етіп жатқан әншілердің өміріне қызыға қарайтындарын желідегі парақшаларына жарыса жазып жатыр. Әрі көпшілік Жүнісованың айналасындағыларға сыйлық шашып жүретін мінезін де айтып жатты. Осыған дейін әнші Мақпал Бүркіттің баласына көрімдік ретінде 1000 доллар берген еді.