Басты жаңалықтар
Ақын Бақыт Беделхан жол апатынан аман қалған актриса әйеліне ерекше өлең арнады
- автор kyn.kz
- 7 қаңтар, 2019
- 2.9k
Актриса Айзада Сатыбалдиева қазір аурухананың жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.
Алматыда жол талғамайтын көлік ішінде төрт жолаушысы бар жеңіл машинаны соғып, салдарынан үш адам оқиға орнында қайтыс болған еді.
Төртінші адам актриса Айзада Сатыбалдиева өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген еді. Төрт күн өткеннен кейін есін жиып, өзіне келген актрисаны дәрігерлер жеке палатаға шығарған еді, деп жазды KYN.KZ сайты.
Ақын ауруханадағы жарына арнап өлең жазып, көпшілікті сүйсінтті.
"Алас-жыр...
Есігіңде сұр жылан.
Босағаңда боз жылан.
Керегеңде кер жылан. Маңдайшада сор-жылан.
Миды шағып ысқырған,
Отауыңда оқ-жылан.
Кімнен медет сұрайын,
Қандай амал қылайын,
Мен бұған?!
Күннің құтын құяйын.
Айдың сүтін сұрайын...
Аймалаған ақ шыңды
Таң нұры боп құлайын.
Қайырылмаса,қарысып,
Қара көзден жас емес,
Қан шыққанша жылайын.
Алтын-ұям - Ақ ордам,
Бұғауыңнан босашы,
Босата гөр, Құдайым!
Көзі бардың - көзіне...
Тілі бардың - тіліне...
Сөзі бардың - сөзіне...
Сумаңдаған пәленің
Су құйылсын, ініне,
Құм құйылсын, көзіне!
...Қабырғаңнан сөктірген,
Иығыңнан шөктірген,
Қанатыңнан қайырып,
Қайғылы азап шектірген,
Жылан кетіп барады,
Құйрығы бар, басы жоқ.
Енді қайтіп шағады,
...Дұшпаны боп, қасы боп?!
Тұр, тұр, енді! Тұр, енді!
Қолдап тұр ғой, Тәңірім.
Мені саған жіберді,
Жарығым!!!",- деп арнау жазды ақын.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




