Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қарағандыдағы төбелестен кейін қашып кеткен азаматтың қайда жасырынғаны белгілі болды

Қарағандыдағы төбелестен кейін қашып кеткен азаматтың қайда жасырынғаны белгілі болды
ашық дереккөз
Ол адам өлімі болған оқиғадан кейін шекара асып ізін суытқан еді.
Жас жігіттің өліміне қатысы бар күдікті 1 қаңтар күні 22.00-ден кейін шекараны кесіп өткен.
Қарағандыда адам өлімімен аяқталған жаппай төбелестен кейін ізін жасырған күдікті Нарек Гурурян Ресей аумағына қашқан. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды  KYN.KZ  сайты Sputnik Қазақстан-  ға сілтеме жасай отырып.
Сүлейменовтің айтуынша, жедел тергеу шаралары барысында күдіктінің Павлодар облысындағы бекет арқылы Ресей аумағына өткені белгілі болды. "Күдікті 1 қаңтар күні кешкі 22.00-ден кейін шекараны кесіп өткен", — деді министрдің бірінші орынбасары ОКҚ-де өткен брифингте. Оны іздеу үшін екі жедел тергеу тобы Ресейге, ал тағы бір топ Арменияға жіберілген. "Біз қазір әріптестермен бірге өзара іс-қимылды пысықтап жатырмыз. Күдіктінің бейнеүндеуі оны ұстауға және заңды түрде қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанға қайтаруға септігін тигізеді деген ойдамын. Ал күдіктінің қылмысты жасаған-жасамағанына қатысты, менің ойымша, тергеу органдарында дәл сол сәтте негіз жеткілікті болды. Сот санкция берді", — деді Сүлейменов.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар