Басты жаңалықтар
Алматыда үш адам қайтыс болған жол апатында аман қалған актриса жансақтау бөлімінен шығарылды
- автор kyn.kz
- 8 қаңтар, 2019
- 276
Актриса жеке палатаға шығарылғанымен оның денсаулық жағдайы әлі де нашар.
Алматыда Абай мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында орын алған жантүршігерлік жол апатынан аман қалған актриса Айзада Сатыбалдиева жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Kyn.kz хабарлайды.
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, актриса жедел жәрдем ауруханасының травматология бөлімінде жатыр. Ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған. Бүгінде Айзада Сатыбалдиева есін біледі. Алайда жадғай әлі де ауыр деп бағаланып отыр.
Еске сала кетсек, 29 желтоқсанда Алматыдағы Сейфуллин және Абай даңғылдарының қиылысында жол апаты орын алып, салдарынан 3 адам мерт болған еді. Олардың ішінде актриса Шолпан Елгезекова да бар. Дәл осы көлікте отырған актриса Айзада Сатыбалдиева ғана аман қалып, ауыр жарақатпен аурухананың жансақтау бөліміне түскен еді.
Куәгерлердің сөзінше Gelandewagen автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл белгісіне өтіп кетіп, актриса отырған көлікті соққан. Артынша ол оқиға орнынан қашып кетіпті. Тергеу мәліметтері бойынша, жүргізуші мас болған.