Басты жаңалықтар
Кореялық дәрігер екі жетім қазақ баласына ақша аударды
- автор kyn.kz
- 15 маусым, 2018
- 418
Оңтүстік Корея, Енсе медициналық университетінің профессоры Чанг Хан Сок екі жетім балаға ақша аударды.
Бұл туралы Aktobenews.kz. сайты жазды.
Чанг Хан Сок екі қазақ баласының Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі есепшотына ақша аударды. Қазақ дәрігерлерді мерекесімен құттықтап, тілегін айтты.
«Біздің ортақ мақсатымыз – адамдардың өмірін құтқару. Біз бір-бірімізге көмектесіп, қолдау білдірсек мақсатымызға жетеміз. Екі ел арасындағы байланыстың нығаюы үшін қолдан келген көмегімізді береміз»,- деді профессорЧанг Хан Сок.
Кореялық дәрігер қалқанша без отасын жасап, еліміздегі дәрігерлерге тәжірибесін көрсетті. Жаңа технологияның сырын үйретті.