Басты жаңалықтар
Айдарбекова анасынан бастап барлық адамды алдап, байлыққа қалай жеткенінің құпиясын ашты
- автор kyn.kz
- 17 маусым, 2018
- 352
Гүлзира ханымның табынушылары мұндай қулықтың өзі әйелдің ақылдылығы деп баға берді
Көпшілік Гүлзира Айдарбекованың үлгі боларлық әйел екенін жиі айтады. Тіпті жекесіне жазып ақыл-кеңес сұрайтындары да көп екен,-деп жазды KYN.KZ.
Қазақстандағы танымал әншінің анасы отбасы бақыты мен байлыққа жеткендегі өзіндік құпиясын ашып, талай келіншекке мысал болды. Жұрт оның әйел ретіндегі ақылына тәнті болғандарын жарыса айтып жатыр.
"Қайтсем де Алматыда оқуым керек деген ниетпен, арман қуалап сол кездегі еліміздің жүрегі Алматыға келдім. Кейде қиындықтан мазасызданғанымды анашым сезбесе екен, мен жайлы тек, қызым бақытты деген оймен, еш алаңдамаса, көңілі тоқ болып, жүрегінде тыныштық ұяласын деген оймен, өзімді өте бақытты етіп көрсететінмін.
Тұрмыс құрып бала-шағалы болған соң, балаларым: менің анашым,- деп мақтануларына тұрарлықтай болсам деп сәнденіп киінуге, өзіме қарауға тырыстым, жолдасым да келіншегім деп көрсеткенде, намыстанбайтындай әдемілікпен қоса, әзірлеген асымның дәмді болғанына мән беріп, студент кезден бастап, қолдан нан жабуды да, әлі күнге дейін тоқтатқан емеспін.
Қазіргі таңда келіндеріме де сол нан пісіруіме дейін дәстүр болған. Ер адамдар үйім деп келгенде, күлімдеп қарсы алсаң, үй ішін тап-таза етіп, дәмді асын даярлап қойсаң,тіптен балаларыңның үсті-басын тап-таза етіп қарасаң, қашанда үйге асығады емес пе? Осы әдетке қоса, өзіңнің жарасымды киініп жүргенің де оларды қуантпай қоймайды.
Оған қоса, сол әулеттің түтінін түтетіп, ұрпағың сол әулеттің қаны болғандықтан, ағайын-туыстарын өз бауырларым деп есептесең, сыйласып абысын-ажын арттырсаң одан асқан бақыт жоқ.
Оларда сен дегенде ішкен асын жерге қояры сөзсіз. Кейде біреулер, сіз жас емессіз, келіндеріңізбен жарысып неге бұлай киінесіз, неге боянасыз деп сынаққа алады. Сол келіндерім, менен үлгі алып отырған жоқ па?
Анасы баласына ұнаса, балаларың да ұнатқан қызынан, анасының бойындағы қасиетіне ұқсайтын өмірлік жар іздейді. Сол себепті, жұрт не деседе, мен ол әдетімді тастағым жоқ.
Алла сол ісіңе қарай, нағыз бақыт осылай деп, өміріңді де солай өзгертіп жіберетін сияқты. Аналарымыз жоқ бақытты ақылмен,сабырлықпен қолдан жасаса, шындыққа айналады дер едім. Өмірлеріңіз ертегідегідей жақсылығымен қуандыра берсін!",-дейді Гүлзира Айдарбекова.