Басты жаңалықтар
Айтыскер ақын Ақмарал Леубаева жалғыз ұлынан айырылып қалды
- автор kyn.kz
- 14 қаңтар, 2019
- 2.4k
Ақынның Ердос есімді ұлы жақында ғана үйленген еді.
Танымал айтыскер ақын Ақмарал Леубаеваның отбасы бүгінде қара жамылып жалғыз ұлдары Ердосты жоқтап қалды.
Бұл жөнінде өлең майталманының әріптесі Роза Әлқожа өзінің желідегі парақшасында жазды.
"Жаным, апам..."Ботамдатқан" жаратқанның ісіне сене алмай,халі қандай болды енді деп іштей ғана сізді ойладым. Иманыңыз бен тобаңыз барын біліп, үнсіз егілдік... Көргенде, көріскенде жұбатарға сөз таппай күмілжігенім-аййй!..
Алланың сүйген құлын сынайтыны осы болса, сүйіктісі болғаныңа тәубе еттік, не дейін?!. Бір түйір ұл беріп, оны міне, өсті, үйленді дегенде қайта өзіне алып қойған тәңірдің ісіне пенденің шағым айтар шамасы бар ма?!.
Ботасын жерлеп, қырық күн қайғырып, іші шерге толған аруананың жанарында айқайлап айтылып жатқан зарын жанарым ғана ұғып тұрды....
"Атамдатсаң" - атамдат, "Ботамдатпа," жаратқан!.."
Алладан сабыр ғана тіледім!
Сен - талант дегеннің өзі едің, апа.
Сен - айтыстың ақмаңдайлысы едің, апа.
Әнінің әрі бөлек, жырының мұңы бөлек, жалқым-ау!..
Жанымның жақыны едің. Бұл қайғыңды қайтсем жеңілдетем?!.
Ердосжанның жаны жәннаттан болғай!
Әйгерімжанның қызығын көруге жазсын Алла! Естімей қалған жандар болса, Ақмарал апамыздың ұлы жақында дүние салды. Бүгін қырық күндігін өткізіп, ас берді",-деп жазды әнші әрі ақын Роза Әлқожа желідегі парақшасында.