Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қуат Хамитов: Дағыстандық достарым өз елінде Шырын сияқты қыздарды қатаң жазалайды

Қуат Хамитов: Дағыстандық достарым өз елінде Шырын сияқты қыздарды қатаң жазалайды
ашық дереккөз
Спортшы: Мен жігіт ретінде туысым осылай танылып жатса намыстан өліп кететін едім.
Танымал спортшы Қуат Хамитов жалаңаш суреттерімен танылып желіде былапыт сөздерімен елдің ашуына тиіп жүрген Шырын Нарчаева жайлы пікірін айтты. Оның сөзінше қаракөз қыздардың азғындап кеткен қылығына жігіттер тарапынан тыйым болғаны дұрыс. Бұл туралы KYN.KZ сайты КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасай отырып хабарлайды. "Мен мысалы жақын туысым, ағайынымның арасынан бір қыз осылай елді шулатып жүрсе намыстанып үйден шығуға бетім болмай қалатын еді. Бұл қызға қой дейтін бір намысты ер азамат туысы болмағаны ма? Шетелдік достарым өте көп. Мысалы Дағыстандағы достарымның сөзінен айтсам. Олар қоғамды былғап жүрген қыздарды азамат ретінде жөнге салуға міндеттіміз деп ойлайды. Алдымен қыздың туыстарына барып мән-жайды ашық сөйлеседі. Қыздың ата- анасымен әңгімелесіп, қыз баланың түздегі қылығы жайлы әңгімелеседі. Одан тыйылмаған қызды жігіттердің өздері күшпен сабасына салады. Мен енді Шынарға күш қолданайық демеймін, намысты жігіттер сөзбен тыйып көрелік. Бүгін Шырын осылай "жұлдыз" болып жатса ертең оның жолын қуатындар шығады. Тұтас қоғам, жастар, жеткіншектер шешініп танылумен ауыратын болады. Бұл біздің өз кінәмыз. Мойындай білейік",- деді спортшы. Қуат Хамитов Шырынның ойын ашық білдіре алатын, өзіне сенімді қыз екенін байқағанын. Бірақ сол алғырлығын ашық-шашық, былапыт сөздермен емес, насихаттаудың басқаша жолмен шыңдауға кеңес берді. "Мен мысалы осындай қызға үйленбес едім. Намысы жоқ, ұяты  өлген, өзін сыйламайтын жігіттер ғана елдің алдында сыпайылық сақтаудан қалған қыздарға үйленеді",- деп түйіндеді сөзін Қуат Хамитов.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар