Басты жаңалықтар
Браконьерлермен қақтығыста ауыр жарақат алған инспектор ауруханада қайтыс болды
- автор kyn.kz
- 15 қаңтар, 2019
- 588
Ерлан Нұрғалиев 13 қаңтарда 3 браконьермен айқас кезінде ауыр жарақат алған еді.
Осыдан екі күн бұрын 5 киік атқан браконьерлермен қақтығыста ауыр жарақат алған «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Нұрғалиев қаза тапты. Бұл туралы ҚР АШМ ресми өкілі Сәкен Қалқаманов Фейсбуктегі парақшасында жазды.,
«Бүгін таңертең «Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиев өмірден озды. Ол 13 қаңтар күні Қорғалжың даласында айуандық танытқан 3 браконьермен айқастан кейін өмірі үшін соңына дейін күресті.
Қаза тапқан азаматтың отбасына қайғыра көңіл айтамын. Ол өмірінің соңына дейін Қазақ даласының символына айналған киіктерді қорғау жолындағы борышын адал атқарды.
Ерлан Нұрғалиев сынды инспекторлардың күш-жігерінің арқасында 2015 жылы жаппай қырылған киік саны 215 мың басқа дейін көбейді», - деп жазды Сәкен Қалқаманов.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




