Зардап шеккен жасөспірімнің қорғаушысы Айман Омарова 16 жастағы жігітті бірнеше жыл бойы екі ер адам зорлап келгенін айтты. Оның мәлімдеуінше, азаматтар жас жеткіншектен ақша талап еткен.
Қорлыққа шыдамаған жігіт өз-өзіне қол жұмсамақ болыпты. Алайда баласына зорлық әрекеттер жасалғанын білген ата-ана полицияға арыз жазған.
Облыстық полицияның хабарлауынша, оқиға 2015 жылдың 15-ші қыркүйегінде тіркелген. Қазіргі таңда, оған қатысты Қылмыстық кодекстің 121-ші бабы бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Онымен өңірлік полиция департаментіне қарасты тергеу басқармасы айналысуда.
Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдары жайлы мәліметтер жарияланбайтынын жеткізді.