Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

ШҚО-да бүтін бір отбасы көлікпен суға батып кетті

ШҚО-да бүтін бір отбасы көлікпен суға батып кетті
ашық дереккөз
"ВАЗ-2019" автокөлігінің ішінде ерлі-зайыптылар үш баласымен болған.
Мұздың астына түсіп кеткен көліктің ішінде бес адам болған – ерлі-зайыпты және үш баласы
 Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасында көлік мұздың астына түсіп кетті, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 18 қаңтарда кешкі сағат тоғыз кезінде Күршім ауданындағы Алғабас ауылынан 10 шақырым жерде болған. Мұздың үстімен келе жатқан "ВАЗ-2019" автокөлігі астына түсіп кетті. Көліктің ішінде бес адам болды – әке-шешесі мен үш баласы. Төрт адам өздері судың астынан шығады, бес жасар қыз батып кеткен. Сенбі таңертең құтқарушылар қызды іздеуге кірісіп, сағат 09:30-да оның денесін судан алып шықты. Айта кетсек, осы аптада Қазақстанда ауа температурасы көтеріліп, күн жылынды. Осыған байланысты су қоймаларындағы мұзбен жүру қауіпті.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар