Басты жаңалықтар
Қостанай тұрғыны өзін тонаған жігіттерді ұрып, екі жылға сотталып кетті
- автор kyn.kz
- 21 қаңтар, 2019
- 669
Екі сұғанақ жігітті аңдып тұрып 5 500 АҚШ долларын тартып алған.
Қостанай тұрғыны 2018 жылы түнгі клуб жанында өзіне белгісіз екі азаматтың шабуылдап, қалтасындағы 5 500 АҚШ долларын тартып алғанын айтқан. Жігіт тоналғаннан кейін бірден полицияға хабарласқан. Сол аралықта құры тұрмастан ол ұрылардың ізіне түседі.
Аңдып тұрып олардың бірін қолына түскен ағашпен сабай жөнеледі. Әрі ақшасын дереу қайтаруды талап етеді.
Осы оқиға бойынша іс сотқа жетіп екі сұғанақ ұрлық бабы бойынша жауапқа тартылады. Ал тоналып есесін өзі қайтаруға кіріскен жігіт өз еркімен әрекет жасағаны үшін айыпталып, сот үкімімен екі жылға сотталып отыр. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




