Басты жаңалықтар
Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева Қуаныш Шонбайды арамза молдаға теңеді
- автор kyn.kz
- 21 қаңтар, 2019
- 1.5k
Әншінің сөзінше қазір тренинг өткізіп мал тауып жүргендер қазақты бір-біріне жат қылып, ақша үшін бәріне дайын болуға шақыруда
Танымал дәстүрлі әнші "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Елшібаева бүгінде елді бизнеске үйретіп, бақытты болудың жолын көрсетіп жүрген азаматтардың адамдарды жинап алып айтатын сөзінен қорқатынын ашық айтты.
Әншінің келтірген дәлелдері бойынша кәсіпкер Қуаныш Шонбайдың кеңестері қазақты бір-біріне жат қылып, діннен адастырады.
"Тренинг деген жазбамдағы түйінім, бұл жазбаны жазуыма не түрткі болды? Сол туралы айтайын дедім.Қуаныш Шонбай деген тренингші бар екен. Соның тренингін сатып алған апамның сөзі бұрынғыдан өзгере бастады.
1)Бай болу үшін дейді, ешқашан да кедей адаммен жүрмеу керек екен 2)50-мың теңгенің тренингін сатып алдым соны тыңдаңдар дегенге, тренинг көрмеген мен сияқтылар, не құдірет деп тыңдасақ, бүкіл бұлшық етті босат дейді. Бұлшық етті ойша қатайтып, босату арқылы, соңында ұйықтап қалдық. Соңында тұрыңдар деді. Мәнсіз бірдеңені ұзақ тыңдай берсең, адам ұйықтайтыны рас қой?
Жұмулы көзімізге, тас қараңғыда не елесетейді, оймен қиял шарлайтының белгілі. Бұл не десем, апам зікір сияқты-, дейді. Зікір-ұйықтату емес,ғибадаттың бір түрі, Алланы еске алу емес пе? Азия халықтарында мұсылман зікірді әр ұлт, өзінше алқа қотан отырып, Алладан кешірім сұрап, тілек тілеп, Алламен байланысқа түсіп, өзінің жан-сарайын тазалайтын бір ғибадат емес пе?
Аңқау елге арамза дегендей, ұйықтаса адамның дәреті бұзылатыны рас, ендеше, тән рахаты жан рахатын айыра алмай жүрген, батыстан жаттап алған пәлелерімен, неге қазақтың діннен хабары аз адамдарының миын улайды?
Мына Қуаныш Шонбайдың мен естіген тренингі осы, естімегенім қаншама, ендеше, құдай бұндай тренингті естіртпесін. Дүниеқоңыз ақшадан миы қатқан, жаннан безгенге таптырмас тренинг. Румидің ресторанның иесі байыса, баюға қаржы қайдан алды, қайда салды, жұртқа баюдың жолын айтсын, елдің миын қатырып, бәрін тәннің бұлшық етін босатып, ұйықтауға дайындағанша.
Ұйықтап жатқан халықты ояту үшін бір адамның ояу болуы жеткілікті-, депті Жәллаладдин Руми. Жәллаладин Руми ана заманда ұйқыдағыны ояту болса, Руми ресторанын ашқан Қуаныш Шонбай неге тренингімен елді ұйықтатып жүрсің? Сондықтан мұсылман болсаң, мұсылманның рухының биік болуы құлшылық пен шарттарына адал болып, қу нәпсінің соңында елді ұйықтата бермей, ихсанды игерген ишан-ахундардың жолымен әулиелікке барып тірелген, қазақтың таза-саф жолындағы діни түсінік-танымынан адастырма.
Бұл тренингті: Лә иләхә иллаху,Уағдаху шарика лаху, ләкул мулку, ләкул хамду, Уахуағала кулли шаиин қадир-, деп Алладан тілейтінге емес, намаздан, зікірден хабары жоққа айтарсың",- дейді дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева.