Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Садриддин Ахметов жеңісін қазақ халқының көз жасына арнады

Садриддин Ахметов жеңісін қазақ халқының көз жасына арнады
ашық дереккөз
Әлем чемпионы: Денистің өлімі, Геннадий ағамыздың жеңілісіне кеткен көз жастардың өтеуі болсын
Отандасымыз кеше Канаданың Монреаль қаласында өткен бокстағы кезекті жекпе-жегінде Мексика боксшысы Абрахам Хуаресті 4-ші раундта уақытынан бұрын жеңіп, WBC нұсқасы бойынша жастар арасында бірінші орта салмақта Әлем чемпионы атанды. Жеңісті 7-ші кездесуден соң спортшы өткен жылы халықтың қабырғасын қайыстырған оқиғаларды еске алып, үндеу жолдады. "Қазақстандық бокс сүйер, жанкүйерлер міне мына пояс 2018-де кеткен қазақ елінің көз жасына арналады. Денис бауырымыздың, Генадий Головкин ағамыздың аяқ-астынан жеңілгені бар. Қаншама қазақтың көз жасы төгілді, сондықтан 2018-гі қазақ елінің көз жасына арнаймын поясты",-дейді Садриддин Ахметов.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар