Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бұдан былай салық бойынша қарызыңыз смс арқылы келіп отырады

Бұдан былай салық бойынша қарызыңыз смс арқылы келіп отырады
ашық дереккөз
Қазіргі жүйенің кесірінен көптеген адамдар шетелге шығарда ғана қарызы туралы ақпарат алып, жолдарынан жиі қалып кетеді.
Енді салықтық қарыз смс арқылы келіп отырады. Елде жыл соңына дейін салық берешегі туралы хабарлама тарату жүйесі іске қосылмақ. Биыл салық төлеушілердің бірыңғай "электронды әмияны" да жасалады. Отандық салық жүйесіндегі қазіргі негізгі проблема - ортақ мәліметтер базасының уақытында жаңартылмауы. Халық қарызының бар-жоқтығы туралы әлі күнге уақытында біле алмайды. Шетелге шығарда шекарада ол алдынан тосын сый боп шығып, жолдан қалады. Банкте несиеден қағылады. Мәселені шешу үшін 2015-2018 жылдар аралығында бюджеттен 34 млрд теңгеден артық ақша бөлінген. Нәтиже көрінбейді. Былтыр мемлекеттік органдардың салық мәліметтерінен 5 млн қате табылған. Енді жыл соңына дейін азаматтарға бірыңғай электронды әмиян ашылмақ. Сонда салықты тек бір ғана реквизитке төлейсіз. Түскен сомма барлық салық бойынша автоматты түрде тарайды. Ал берешегіңіз болса уақытында смс-пен жіберіп отырамыз деді министр. Шетелге шығарда проблема болмас үшін аэпорттарға төлем терминалдары қойылған.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар