Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандық актриса фильмде басты рөлді сомдау үшін "төсек" арқылы кастингтен өтетін әріптестері жайлы айтты

Қазақстандық актриса фильмде басты рөлді сомдау үшін "төсек" арқылы кастингтен өтетін әріптестері жайлы айтты
ашық дереккөз
Актриса: Ағаң немесе туысың болмаса, демеушісіз танылу бізде өте қиын
Танымал жас актриса Бибігүл Ақтан кино әлемінде болатын былықтар жайлы ашық айтты. Көпшілік актрисалар мен әншілердің өміріне " қандай жолмен келді екен" деп қарайтыны жасырын емес. Бірақ көптеген танымал азаматтардың өнерге келу жолы құпия.
Ал Бибігүл Ақтан болса  "Ревю" бағдарламасында ел алдында жылтыр болып көрінетін қыздардың көпшілігі таза еңбекпен келмегенін жайып салды.

Бибігүл Ақтанның сөзінеше, басты рөл үшін таныстарын қосып, қажет болса "төсек" қатынасына түсуге дайын актрисалар біздің мемлекетте де баршылық. тіпті көп. Себебі онсыз кастингтер ашық болмайды екен. Тіпті көзге көрінетін рөлдер үшін де актрисалар арасында бәсекелестік пен талас күшті екен.

"Рөлдердің таныстар арқылы бөлінетіні рас. Ол шындық. Оған қоса, туыстық әрі төсек қатынастары арқылы да киноға өту жиі болып тұратын құбылыс. Бұл үрдіс тек Қазақстанда ғана емес, көрші Ресейде де бар. Алайда, пайыздық өлшеммен салыстырғанда мұндай оқиғалар ол мемлекетте бізден қарағанда аз кездеседі" , - деді Бибігүл Ақтан.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

А вот мой цвет настроения 💙 Photo: @meiram_nursagitov Make up: @s_satieva Платье: @t_a_atelier Локация: @quality.almaty

Публикация от Bibigul Suyunshalina (@bibigul_aktan_s)

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар