Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

80 шөбересі бар 112 жастағы шымкенттік әжей көп жасауының құпиясын айтты(фото)

80 шөбересі бар 112 жастағы шымкенттік әжей көп жасауының құпиясын айтты(фото)
ашық дереккөз
Әжей: Жас кезде еңбектен өзіңді аямау керек
Шымкенттің Абай ауылында тұратын Гүлчечек Колаева биыл 10-шы қаңтарда 112-ге толды. Әжейдің 30 немересі, 80 шөбересі бар. Ал шөпшек санынан тіпті әулет мүшелері де жаңылысады деп жазады "Замана" басылымы.
Қызылжар аумағында тұратын Гүлчечек әже жұбайы Ахмед Колаевпен төрт баланы тәрбиелеп өсірген.

Бүгінде үлкен қызы 82 жасқа толса, екі ұлы 63 пен 61 жасқа аяқ басқан. Ал кіші қызы Қаймақ дүниеден өткен екен.

Құлағы естіп, көзі көретін әжей үй ішінде өзі жүріп-тұрады.

"Біз өзімізге тамаққа не дайындасақ, апам содан ішіп-жей береді. Сүт қосыл­ған шайды науатпен ішкенді жақсы көреді. Балалары не ішемін десе де әкеліп береді", - дейді қара шаңырақтың келіні 62 жастағы Хани Ахмедова.

Әжей қартайғанымен өмірінің кей сәттерін жақсы есте сақтаған. Тұрмысқа шыққан кезін, Кавказдан жер аударылып келгендегі оқиғаларды, колхоз-совхоздарда еңбек еткенін айтып отырады.

Келінінің сөзінше, Гүлчечек әжені іздеп келіп, амандасып тұратындар көп. Әжей оларға ақ батасын береді.

Гүлчечек әжей атасының алғаш көрген немересі болғандықтан, есімін әулеттерінің гүлі болсын деп ырымдап қойған екен.

Ұлты месхет түрігі. Ол 1944 жылы Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстанға жер аударылған.

"Жас кезімде еңбектен қайтқан жоқпын. Қалаған асымды көппен бірге жейберетінмін. Арнайы күтіммен көп жасадым деген ереже жоқ",-дейді әжей.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар