Басты жаңалықтар
2019 жылы рамазан айы қай күннен басталатыны анықталды
- автор kyn.kz
- 26 сәуір, 2019
- 254
Биыл мұсылмандар 30 күн ауыз бекітеді.
Биыл 30 күн ауыз бекітеміз. Ораза 6 мамыр күннен басталады. Осы күн рамазан айының бірінші күні
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 6 мамыр Рамазан айының бірінші күні болып белгіленгенін хабарлады.
Рамазан айының басталуын нақты анықтау шариғи үкімдер мен астрономиялық есептер негізінде жүзеге асады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі іргелі зерттеу орталықтарының бірі болып табылатын В.Г.Фесенков атындағы "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" мекемесінен жаңа айдың көрінуіне қатысты ресми мәлімет сұратты.
ҚМДБ шариғи үкімді негізге алып, ғылыми зерттеу жұмысының нəтижесін ескеріп, сонымен қатар, Орталық Азия елдері мүфтиятының шариғат жəне пəтуа бөлімінің ғалымдарымен ортақ пəтуа қабылдай отырып, 6 мамыр – Рамазан айының бірінші күні деген шешім шығарды.
Қасиетті Қадір түні – 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн. Ал 5 маусым – Ораза айттың бірінші күні.
Шариғат бойынша балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында күнде таң атқаннан бастап күн батқанға дейін оразаны ниет етіп, ішіп-жеуден, төсек қатынасынан тыйылу парыз.
Хайыз және нифас кезінде әйелдер ораза ұстамайды. Жүкті немесе бала емізетін әйелдер ораза тұтқан кезде өзіне немесе баласына зиян келуден қорықса, сырқат кісі ауруының асқынуынан қауіптенсе, олардың Ораза ұстамауларына болады. Бұлар оразаның қазасын Рамазан айынан кейін өтеп береді.
Рамазан айында жолаушыға да Ораза ұстау міндет емес. Сапардан қайта оралғанда, қазасын өтейді.
Кәрілік немесе жазылмайтын ауру себебінен ораза ұстауға шамасы келмейтін адамдар Оразаның әр күні үшін підия береді.
Келесі мақала