Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қылмыстық топ құрған бұрынғы күштік құрылым шенділеріне сот үкім оқыды

Қылмыстық топ құрған бұрынғы күштік құрылым шенділеріне сот үкім оқыды
ашық дереккөз
"Әлиевшілер" деген танымал қылмыстық топ мүшелері адамдарды тонаумен айналысқан
Олар ұйымдасып адам ұрлау, тонау, заңсыз қару-жарақ сақтау, қолдану және билік өкілдерінің жалған дәрежесін иемдену сынды қылмыстармен айналысқан. «Әлиевшілер» деген атпен танымал ұйымдасқан қылмыстық топ былтыр 13-ші қыркүйекте Отар станциясында бір кәсіпкерге шабуыл жасайды. Сөйтіп, оның 107 мың доллар, 4 миллион рублі мен 23 мың еуросын тартып алған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті «әлиевшілерді» былтыр оныншы қазанда ұстап, олардан 8 тапанша мен басқа да қару түрлерін, 140 оқ-дәрі, жасанды көлік нөмірлері, бетперде, кісен және әр түрлі қарақшылық шабуылға қажетті заттарды тәркілеген. Енді сол топтың басшысы Қадыр Әлиев пен мүшелері Аңсар Дартаев, Дмитрий Терешин және Ерсін Жұмабаев 7 жыл бір айға бас бостандықтарынан айырылды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар