Басты жаңалықтар
Сириядан келісімен сотталған 4 ақтөбеліктің есімдері аталды
- автор kyn.kz
- 23 мамыр, 2019
- 214
Олар елге жеткізілген сәттен туыстарымен де кездестірілмей тергеуге жөнелтілген
Ақтөбеде Сириядан оралған үш еркек пен бір әйелді қамауға алуға сот санкция берді. Олар лаңкестік топтың құрамында болып, терроризмді насихаттаған және діни алауыздық тудырғаны үшін айыпталып отыр.
Қамауға алынғандардың төртеуі де – Ақтөбе облысының тұрғындары. Оларды жақында қауіпсіздік комитетіндегілер «Жусан-2» арнайы операциясы кезінде елге жеткізген еді.
Бірақ мұнда оралғалы күдіктілердің ешбірі туған-туыстарымен кездеспеген, бірден тергеуге алып кеткен. Олардың Сирияға қашан, кіммен кеткені әзірге белгісіз.
"Террористік топтың әрекетіне немесе оның жасайтын терроризм актілеріне қатысқан деп күдіктелген Алмағамбетова, Төреханов, Қуанов және Сәбитұлына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану негізді деп танылды",-дейді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Анар Айтжанова.
Келесі мақала