Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыдағы MEGA әжетханасында ер адам кішкентай қыздарға тиісті

Алматыдағы MEGA әжетханасында ер адам кішкентай қыздарға тиісті
ашық дереккөз
ойын- сауық орталығының әкімшілігі оқиғаға орай пікір білдірді

MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығында белгісіз ер адам әжетхана бөлмесінде кішкентай қыздарға тиіскен. Сауда орталығының әкімшілігі оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Құрметті келушілер, көпшілігіңіз MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығында белгісіз азаматтың әжетханада кішкентай қыздарға тиіскені туралы хабарлама алған боларсыздар. Әйелдер әжетханасындағы кабинкаға екі қыздың артынан ер адамның кіріп кеткені - шындық. Бір бүлдіршін қашып кетіп, анасын көмекке шақырған. Әйел адам сауда орталығының күзет қызметіне жүгінді" , - деп жазылған орталықтың ресми Instagram парақшасында.

Оған қоса, хабарламада күдіктіні орталықтың күзет қызметі тұтқындап, құқық қорғау органдарына табыстағаны айтылды. Қазіргі таңда, күдікті қамауда отыр. Кішкентай қыздардың ата-анасы полицияға арыз жазды. Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталып кетті.

"Баршаларыңызға күдікті адамдарды байқап қалсаңыздар дереу түрде күзет қызметіне немесе орталықтың кез келген өкіліне хабар берулеріңізді сұраймыз" , - деп жазды сауда орталығының өкілдері.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар