"Менде ұйқы жоқ. Ең бірінші мені жаратқан Аллаға сансыз шүкір. Одан кейін дүниеге келуіме себепші болған ата-анама рахмет! Дәл қазір анамның жанымда болғанын қатты қаласам да, Алланың ісіне көнбеске шарам жоқ. Не болса да, болған іс болды.
Әкемнің шешіміне көне алмадым. Ашуландым. Қызғандым. Бас тартам деп те ойладым. Бірақ Рамазан айында Алла разылығы үшін шын жүрегіммен кешірім сұрағым келеді. Сіздің де ашумен айтқан ауыр сөздеріңіздің бәрін ұмытамын. Сіз де мені кешіріңіз! Сізден жырақта жүру, бауырларыммен сөйлеспеу маған да оңай болмады. Ары қарай бұлай жалғасқанын қаламаймын. Жаңа құрған отбасыңызбен бақытты болуыңызды тілеймін.
Қасиетті айда барлық жамандық ұмытылып, нағашыларым мен өз туыстарымның тату-тәтті болғанын қалаймын", - деп жазды Ерке.
Естеріңізге сала кетейік, Абай Бегей осыған дейін тұрмысқа шыққан тұңғышымен отбасы құрғалы сөйлеспей кеткенін айтқан болатын. Тіпті әнші өткен жылдың қыркүйегінде өмірге келгенжиенін де көрмеген.