"Бір айдан енді асып жатыр, басыма үлкен он сағаттық ота жасалды. Операция болды он сағат. Шашымның жоқтығы ғой. Бір айдың шамасын тап-тақыр қылып алып тастады. Енді-енді өсіп жатқан кезең. Ес жоғалту, эпилепсияның бастамасы.Бұрындары жылына бір рет көз қарауытып, бас айналып, ес жоғалтатын жағдайлар болушы еді. Ол бес минуттай созылып, одан кейін ес жиып алатынмын", - деді әнші.
Ота жасатқанына бір айдан асқан Медеу Арынбаев алдағы уақытта салауатты өмір салтын ұстанып, 3-4 ай бойы дәрігерлердің қатаң бақылауында болмақ.
"Дәрі-дәрмекті уақытылы ішіп тұру керек, көп жүру керек. Енді-енді бір айдан асты. Спортпен аздап денені шынықтырып бастадық",-дейді әнші.