Басты жаңалықтар
Талдықорғанда балабақша терезесінен құлап кеткен 2 жасар қыз есін жиды (видео)
- автор kyn.kz
- 28 мамыр, 2019
- 285
Миына қан құйылған бүлдіршін әлі ұзақ ем қабылдауға мәжбүр
Небәрі 2 жастағы қыз оқыс оқиғадан соң бірден комаға түскен болатын. Екінші қабаттан құлаған бүлдіршінді әрең дегенде аман алып қалған дәрігерлер оның көзін ашып, сөйлей бастағанын айтады, деп хабарлайды KYN.KZKTKарнасына сілтеме жасай отырып.
Сұмдық жайт «Қарлығаш» балабақшасында болған еді. Қос бірдей қызды ашық тұрған терезесінің жақтауына шығарған тәрбиеші біреуін құлатып алады. Зардап шеккен баланың миына қан құйылып, ес-түссіз ауруханаға жеткізілген болатын. Ал 50 жастағы тәрбиешіге араша түскен әріптестері оның жиырма жылдан артық тәжірибесі барын да айтқан.
Десе де, балабақшадағы бұл жайтқа қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Ал терезеден бетонға сұлап түскен сәби енді есін жиды. Дәрігерлер оның сөйлеп, тіпті тамақ іше бастағанын да айтты. Палатаға ауыстырылған бала анасының жанында. Жақында үйіне шығарылады. Дегенмен, ақ халаттылар бүлдіршіннің әлі де ұзақ емделетінін жеткізді. Бас сүйегі сынған қызға ерекше күтім қажет.
Посмотреть эту публикацию в InstagramҚазір балапан аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Ертерек сауығып кетсін🙏
Публикация от KYN.KZ (@kyn.kz)