Басты жаңалықтар
Ақтөбеде "жынын шығарамын" деп науқасты қамап қойып өлімші етіп сабаған емші жазаланды
- автор kyn.kz
- 28 мамыр, 2019
- 304
Емші тұрғынға "ішіне жын кірген" деген диагноз қойып, өзі жасаған дәріні сатып алуға, оны тұтынуға мәжбүрлеген
Ақтөбелік полицейлер «жынды қуамын» деп науқасты сабаған емшіні жазалады. Жын қуалап жүрген емшісымақ деструктивті діни ағымды ұстанушы болып шықты. Ол науқасты үйіне қамап, өлімше етіп сабаған. Онымен қоймай ұнтақ, жағымсыз иісі бар қоспаларды ішкізген көрінеді. Осындай қызметі үшін емші өзіне келетіндерден үш мың теңгеден он мыңға дейін ақы алып отырған.
Емделуші осы жағдайдан құтылғаннан кейін полиция қызметкерлеріне келіп арызданған. Нәтижесінде емшіге қатысты ҚР ӘК 424 бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, ол азаматқа айыппұл салынды.
Лизенциясыз адамдардан ақы алып, ем жүргізген емші он үш мың теңге көлемінде айыппұл төлеп құтылған. Дәрігерлер қауымы мұндай жалған емшілерге қатысты жазаны күшейту керек дегенді айтады. Өйткені көп ретте науқастар осындай бақсы-балгерді жағалап, ауруларын асқындырып алатын көрінеді.