Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

2019 жылға  бөлінген білім гранттарының саны нақтыланды

2019 жылға  бөлінген білім гранттарының саны нақтыланды
ашық дереккөз
 Білім және ғылым министрлігі 2019 жылға гранттарды мамандықтар бойынша бөлді. 
Ең көп грант техникалық және педогогикалық ғылымдарға беріліп отыр, деп жазды KYN.KZ. Білім және ғылыми министрлігі жоғары білімді мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырысты бекітті. Биылғы жылға бөлінген гранттардың жалпы саны – 50 985. Мемлекеттік тапсырыс төмендегі мамандықтар бойынша бөлінді: Педагогикалық ғылымдар— 8276; Өнер — 1615; Әлеуметтік ғылым (журналистика, ақпарат) – 960; Бизнес — 1223; Жаратылыстану ғылымдары — 4088; Ақпараттық-коммуникациялық технология — 5977; Техникалық ғылымдар — 15011; Ауылшаруашылық ғылымдары— 1600; Ветеринария — 835; Қызмет көрсету саласы — 2200; Даярлық (ҚР азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдеріне арналған бөлім) — 2450;  «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы бойынша— 5109; Басқа — 1641. Министрліктің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, гранттар еліміздегі жоғары оқу орындарының арасында бөлініп қойған екен. Айта кетсек, 2018-2019 оқу жылына 53 594 грант бөлінген болатын. Медициналық мамандықтарға мемлекеттік тапсырысты Денсаулық сақтау министрлігі жариялайды. Болашақ дәрігерлерге арналған гранттардың саны кейінірек белгілі болмақ.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар