Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Керменбаев Хамитованың мәлімдемесіне қатысты өз шындығын айтты

Керменбаев Хамитованың мәлімдемесіне қатысты өз шындығын айтты
ашық дереккөз
Жанар Хамитова Нұржаннан көрген қорлығын жайып салған кезде көпшілік екіге бөлініп біраз айтысты. Бірі Жанарды жақтаса, екінші топ  Керменбаевты қолдады.

Отандық шоу-бизнес жұлдызы өзімен "Арнау" дуэтінде өнер көрсеткен бұрынғы әріптесі әрі сүйіктісі болған әншінің сахнаға оралғанына еш таңғалмаған. Тіпті осылай боларын білгенін айтуда, деп жазды KYN.KZ.

"Жанардың сахнаға оралғанын естіп те, көріп те жатырмын. Өте қуаныштымын. Мен ол кісінің оралатынын білгенмін . Ешқандай таңғалыс болған жоқ" , - деді Керменбаев.

Ел арасындағы қауесеттерге нүкте қоймақ болған Нұржан, Хамитовамен дуэт жазуға қатысты пікірін де жеткізді.

"Халық оны дұрыс түсінбей қалады. Жанармен мен қайтып дуэт жазбаймын. Ол мүмкін емес" , - деді ол.

Керменбаев Жанар Хамитовамен достық қарым-қатынас сақтап қала алмағанын да жеткізді."Қазіргі таңда, біз доспыз деп айта алмаймын. Ол кісінің не айтып жүргенін білмеймін. Өйткені, ақиқат айдан анық көрініп тұрады. Қазіргі таңда, ол кісімен мені байланыстыратын ортақ ісіміз жоқ. Сол себепті де оған арналған бағдарламаға қатысудан бас тарттым. Ол қандай ақпарат таратады өзі біледі",- деді  Нұржан Керменбаев.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар