Комитеттің хабарлауынша, №5 ықшам ауданда орналасқан тұрғын үйдегі өрт 30 мамыр күні сағат 19:34-те басталған.
Оқиға орнына 19:38 өрт сөндірушілердің алғашқы тобы келіп жеткенде тұрғын үйдің шатыры жанып жатқан.
Өрт сөндірушілер ең алдымен көп қабатты үйдегі 171 адамды қауіпсіз жерге шығарған. Оның ішінде 42-і бала болған. Сонымен қатар тағы 20 адам құтқарылған. Оның бесеуі бала.
"Шатырдағы өрттің пәтерлерге ойысу қаупі сақталғандықтан 19:55 минутта өртке жоғарғы үшінші ранг тартылды. Өртті сөндіру үшін үш бөлімше, пәтер тұрғындарын тіркеу үшін жедел топ ұйымдастырылды", - деп хабардар етті ТЖК.
Жалпы өрттің ошағын сөндіруге жеке құрамнан 62 адам мен ТЖД-нің 17 бірлік техникасы жұмылдырылған.
Қолданылған шаралардың арқасында 20:50-де 1200 шаршы метр аумақтағы өрт ауыздықтылған. 22:11-де сөндірілген.