Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Назарбаев: Бірде-бір елге Қазақстан сияқты толықтай жойылып кету қаупі төнбеген

Назарбаев: Бірде-бір елге Қазақстан сияқты толықтай жойылып кету қаупі төнбеген
ашық дереккөз
Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астам адам ату жазасына кесілді
ҚР президентінің телерадиокешені Нұрсұлтан Назарбаевтың қуғын-сүргін жылдары жайлы айтқан видеосын желіге жүктеді, деп хабарлайды KYN.KZ.

"Әлемде бірде-бір ел, бірде-бір халық өз елінде демографиялық жағдайдағы осындай бұрылысты бастан кешкен жоқ және Қазақстан секілді толық жойылып кетудің алдында тұрған емес. Біз аман қалдық, ұлт ретінде ұйыса білдік, біз мейірімсіз болып кетпедік, кектенген жоқпыз, 20 ғасырдағы жантүршігерлік трагедияға ешкімді айыптамадық.

Біз табандылық танытып, сталинизмнің барлық жазықсыз құрбанына көмектестік", - дейді Елбасы.

Егеменді Қазақстанда қабылданған алғашқы заңдардың бірі жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заң болды.
Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Бүгін Қазақстан өзінің тарихындағы ең қайғылы оқиғаларының бірі - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтуде. Осылайша, жыл сайын 31 мамырда xалқымыз нәубет жылдары құрбан болған туыстары, бауырлары және достарын еске алады. Бұл Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие күн. Қайғы-қасірет қақпасы арқылы біз қайта алаңсыз бейбіт өмірге ораламыз. Ендігі парызымыз – бүгінде жетіп отырған құндылықтарымызды бағалай білу, оған жету жолында құрбан болған боздақтардың ерлігін ұмытпау. ⠀ Сегодня Казахстан отмечает один из самых печальных страниц своей истории— день памяти жертв политических репрессий. Таким образом, ежегодно 31 мая жители страны вспоминают своих родных и близких, которые были осуждены или расстреляны. Народ Казахстана бережно хранит память о миллионах соотечественников, пострадавших от политических репрессий. Теперь наш долг-ценить и беречь мир и не забывать о подвиге погибших солдат.

Публикация от Президент Телерадиокешені (@ptrk.kz)

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар