Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

2019 жылғы айт намазының Қазақстан қалалары бойынша уақыты

2019 жылғы айт намазының Қазақстан қалалары бойынша уақыты
ашық дереккөз
2019 жылдың 5 маусымы – Ораза айттың бірінші күні
Нұр-Сұлтан және  Шымкент қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау, Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында Ораза айт намазы оқылатын уақыт сағат 07:00-ге белгіленген. Сонымен қатар, айт намазы Алматы қаласы мен Қызылорда облысында сағат 06:00-де, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды облыстарында сағат 06:30 кезінде оқылады. Атап айтқанда, пітір садақасы Рамазан айында, яғни рамазан айы басталғаннан бастап айт намазына дейінгі аралықта берілу қажет. Егер пітір садақасын бермегендер болса бірінші кезекте Айт намазына дейін пітір садақасын беруі тиіс. Айт намазынан кейін берілген пітір садақа жәй садақа болып қалады. Ораза айтындағы мұсылманның жасауы тиіс амалдар: тәкбір айту, Айт намазын оқу, намазға шығар алдында құрма жеп шығу, жаңа  киім кию, ғұсыл құйыну, әтірлену. Ораза және Құрбан айт күндері ораза ұстауға болмайды.   2019 жылы 5 маусымда Қазақстандағы қала және облыс орталық мешіттерінде ораза айт намазы өткізілетін уақыттар:  
Қала және облыс орталығы Айт намазы оқылатын уақыт Күн шығатын уақыт
1 Нұр-Сұлтан қаласы 07:00 04:57
2 Алматы қаласы 06:00 05:11
3 Шымкент қаласы 07:00 05:43
4 Маңғыстау облысы 07:00 05:52
5 Түркістан облысы 07:00 05:45
6 Атырау облысы 07:00 05:36
7 Жамбыл облысы 06:30 05:34
8 БҚО 06:30 05:17
9 Қостанай облысы 07:30 05:17
10 Алматы өңірі 06:30 05:12
11 Ақтөбе облысы 07:00 04:58
12 Талдықорған аймағы 06:30 04:58
13 Қарағанды облысы 06:30 04:57
14 Ақмола облысы 07:00 04:54
15 Қызылорда облысы 06:00 04:50
16 СҚО 07:00 04:45
17 Павлодар облысы 07:00 04:29
18 Семей өңірі 07:00 04:26
19 ШҚО 07:00 04:18
 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар