Басты жаңалықтар
Астанада Көпбалалалы отбасыларға берілетін арендалық үйді алудың шарттарын біле жүріңіз
- автор kyn.kz
- 4 маусым, 2019
- 241
Арендалық пәтерді алу үшін кем дегенде, үш жыл астанада тұрақты тіркеуде тұру қажет
Елорда әкімінің орынбасары Ерлан Қаналимов көпбалалы отбасыларға арендалық пәтер беру шарттарын түсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ сайты Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасай отырып.
Пәтер қай кезде таратылады
Оның айтуынша, осы жылдың аяғына дейін көпбалалы отбасыларға 928 арендалық пәтер беріледі. Бүгін әкімдік осы санаттағы 150 пәтердің таратылатынын мәлімдеді. "Қазіргі кезде тұрғын үй қорының мамандары кезектің басында тұрған 150 отбасының телефондарын алып, олардың барлығын шақыртып жатыр. Құжаттарды қабылдау басталды. Құжаттарды қабылдау кезеңі 17 маусымға дейін аяқталады. Сосын оларға арнайы куәлік беріледі. Ол құжатпен 15 шілде мен 1 тамыз аралығында өз үйлеріне кіреді", - деді Қаналимов әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында.Арендалық пәтердің ақысы
Әкімнің орынбасары арендалық пәтердің 5 жылға берілетінін жеткізді. Көпбалалы отбасылар әкімдіктің тұрғын үй қорымен келісімшарт жасайды. Сосын бес жыл сайын оны ұзартып отырады."Бес жылдан кейін ешкім оларға "үйді босат, үйт-бүйт" деп айтпайды. Көпбалалы отбасы қайтадан құжаттарын тапсырады. Ең басты мәселе, ол кісілердің атында басқа үй болмауы керек. Ал арендалық пәтерді алу үшін төлем қабілеттігін растаудың қажеті жоқ. Бірақ кезекке тұру үшін Нұр-Сұлтан қаласында, кем дегенде, үш жыл тұрақты тіркеуде болу керек", - деп атап көрсетті Қаналимов.
Арендалық үйдің ай сайынғы төлемі - шаршы метріне 70 теңге. Сонда бір үйге шамамен 6-7 мың теңгеге шығады. Оған қоса, коммуналдық қызметтер бар.Баспана қаланың қай ауданынан беріледі
Осы жолы 150 арендалық пәтер берілсе, қараша айында тағы 100-120 пәтер таратылады. Қалған 630-ден астам пәтер Тәуелсіздік күніне орай тапсырылады. Алғашқы 150 арендалық пәтер Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Рақымжан Қошқарбев көшелерінің қиылысында орналасқан. Ал Тәуелсіздік күніне орай берілетін үйлер бұрынғы орталық базардың аймағында салынып жатқан тұрғын үйлерден таратылады."Арендалық пәтерлердің дені – екі және үш бөлмелі баспана. Екі бөлмелі пәтердің ауданы – 50-55 шаршы метр, ал үш бөлмелі пәтерлердің ауданы – 85-90 шаршы метр", - дейді Қаналимов.