Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қостанайда 17 жастағы ана үшемді дүниеге алып келді (видео)

Қостанайда 17 жастағы ана үшемді дүниеге алып келді (видео)
ашық дереккөз
Келіншек пен күйеуі осыған дейін дәрігерлердің айтуы бойынша дүниеге егіз бала келеді деп жүрген
Ағайын туысы тұрмақ жас ананың өзі үш емді көргенде кідіріп қалған. Себебі, Қостанай облысындағы Лисаковск қаласының тұрғыны егізге жүктімін деп жүрген. Бұл туралы KYN.KZ  сайты жергілікті Алау басылымына  сілтеме жасай отырып хабарлайды. Таңғаларлық  оқиға Лысак отбасында болған. Он жеті жастағы Ирина егізге аяғым ауыр деп жүргенде, салмағы 1,4-тен 2,1 келіге дейін екі қыз бен бір ұл  баланы дүниеге алып келді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, жас ана мен сәбилерінің жағдайы жақсы. Иринаның өзі аман-есен қол-аяғын бауырына алып, үшемнің анасы атанғанын дәрігерлердің арқасы деп отыр.

"Біз егіз күтіп жүрген едік, бұл тосынсый болды. Сондай бақыттымыз, төбеміз көкке жеткендей. Бұл біздің алғашқы немерелеріміз. Тосынсый болған үшінші сәбиге қатты қуандық", - деді үшемнің әжесі тілшілерге.

Еске сала кетсек, сәуірдің ортасында Қырғызстанда керісінше жайт болды. 24 жастағы Гүлзина Әбдімәжитова үшемді күтіп жүргенде, егіз босанған. Дәрігерлердің айтуынша, ультра дыбыстық зерттеу кезінде үшінші нәрестенің сұлбасы қате көрінген болуы мүмкін.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар