Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысында ауызашарда отырған жамағат тасқын судың астында қала жаздады

Алматы облысында ауызашарда отырған жамағат тасқын судың астында қала жаздады
ашық дереккөз
Қызылсу шайған үйдің ішіндегілер балаларды қолдарына алып, қашып шығуға мәжбүр болды
Алматы облысында нөсер жауын салдарынан таудағы бөгет жарылып, Пенжім ауылының бір бөлігін су шайып кетті. Жаркент – Қорғас тасжолы да зақымдалған. Пенжім ауылында сел жүріп, 270 үйді су басты
Панфилов ауданына қарасты Пенжімде 3 маусым күні кешкісін 8 жарым шамасында су лап қойған. Күннің күрт ысуы мен толассыз жауын-шашын таудағы бөгеттің бұзылуына себеп болыпты. Лай аралас су 30-дан астам баспананың ішіне кірсе, 270 аула батпаққа айналған. Қазіргі таңда тұрғындар тазалау жұмыстарымен айналысуда. Бұл уақытта жұрттың көбі ауызашарда болған, деп хабарлады КТК. Баспаналарын тастап жан-жақта жүргендердің арасында Александр Тоқтаев та бар. Жұмыста болған азамат гүрілді естіп, бірден үйіне қарай аттанған. Алайда, дем арасында жайылған су үйінің ішіне де кіріпті. Осылайша, далада түнеген отбасы, енді не істерін білмей дал.

"Бала-шағаны алдық та қаштық. Үйдің іші толған лай су", - дейді Пенжім ауылының тұрғыны Александр Тоқтаев.

Апаттан кейін ауылды қалыпқа келтіруге 200-ге жуық құтқарушы мен 37 техника жұмылдырылған. Барлығы үйлердің іші мен аулаларын тазалауда. Тіпті, судың ағысы қатты болғандықтан кейбір қора-жайлардың қабырғаларын да қиратқан. Жергілікті әкімдіктегілер жарылған бөгетті жөндеп қойып, жағдайды бақылап отырмыз деді. "Таулы аймаққа жауған нөсер жаңбыр суы жиналған. Аудан әкімінің қаулысымен зардаптарды жою бойынша арнайы комиссия құрылды. Аулаларды тазалау, көшелерге шағыл төсеу жұмыстары жалғасуда", - деп атап өтті Пенжім ауылдық аймағының әкімі Ерлан Оспанбаев. Есеңгіреген жұрт лай батпақты тазалап жатқанымен, тасқынның қайталануынан қауіптенуде. Ал зардап шеккен 270 отбасыға қандай да бір көмектің берілу-берілмеуі арнайы комиссиясының тексерісінен кейін ғана анықталады.
 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар