Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Желкеңді қиямын: Қанат Әлжаппаров Заитовпен неге келісе алмай қалғандарын айтты

Желкеңді қиямын: Қанат Әлжаппаров  Заитовпен неге келісе алмай қалғандарын айтты
ашық дереккөз
Заитов: Айтыс сауатсыздардың әзілге айналдыратын ойыншығы емес.
Әзілкеш Әлжаппаров "шоу айтысқа" қатысамын деп талай адамнан ауыр сөз есітіп, өзін қорқытқандардың да болғанын айтты, деп жазды KYN.KZ.

"Айтысқа шыққанымыз сорақылық болды деп айтуға болады. Өте ұят әрі хит болды. Мен істегенімді ешкім істей алмайды. Маған Сарамен айтысасың деді. Бақытжан қоймады: "Қанат өзіміз дайындаймыз" деп. Біз сөздерді күшті жаздық. Оны мен ақындарға жаздыртқан жоқпын. Сөздерді толығымен біздің театрдың авторларына жазғыздым. Олар да ақын емес. Бірақ ұйқастырып жіберейік деп жазды.

Айтыс эфирге төртінші қаңтар күні шықты. Бесінші қаңтар күні мені бүкіл телевидение іздеп жүр ғой. "Әлжаппаров қайда? Желкесін қиямыз " деп. Аманжол Әлтаев пен Ринат Зайытов деген кісілер маған өте қатты айқайлады. Ұрысып, "қазақтың төл өнерін қорладың" деді. "Әлжаппаров неге сахнаға шықты?" деп айтты. Күшті адамдардан сөз естідім" , - дейді әзілкеш.

Әлжаппаров орын алған жағдайдан кейін айтысты қоймай, сахнаға қайтадан екінші мәрте шыққан.

"Содан кейін ұялмай айтысқа екінші рет шықтым ғой. Хит болады деп ойлағанбыз. Баспен әдемі қадалған соң, қойдық. Айтыскер ақындар өте қатты ұрысты. Бірінші болып, Ринат Зайытов ұрысты. Енді ол кісілер нағыз айтыс жанашырлары ғой. Әрбір сөздері орынды. Олармен ұрыспадық, кешірім сұрап жүре бердік.

Ринат: "Әліппенден басқа кітап оқымаған Әлжаппаровты айтысқа шығару деген масқара" деді. Оның айтатын жөні бар енді. Айтысты айтқан кезде жаман қорқамын. Айтыскер ақындардың бір риза болғаным, халық алдында беделі өте жоғары екен" , - дейді Әлжаппаров.

Дереккөзі: "Ережесіз әңгіме"
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар