Басты жаңалықтар
Астанада жалғызбасты әйел кішкентай 4 баласымен далада палаткада тұрып жатыр(фото)
- автор kyn.kz
- 7 маусым, 2019
- 299
Таныстары келіншектің дүкенін тартып алып, өзін күннің суығына қарамастан, жалдап тұрған пәтерінен қуып жіберген
Астанада 4 балалы ана бірнеше күннен бері далада түнеп жүр. Кәсіп бастамақ болып белін бекем буған жалғызбасты ана алаяқтарға алданып қалғанын айтады, деп жазды KYN.KZ сайты "Астана" арнасына сілтеме жасай отырып.
Шиеттей балалармен далада қалған отбасына маңайдағы адамдар күрке тігіп беріпті. Ақбаян Жалмұрзаева мына лашықта бір аптадан бері 4 баласымен тұрады. Астанаға 17 жыл бұрын келген. 10 жыл үй кезегінде тұр. Күйеуі ащы суға салынып, көше жағалап кеткен. Ақбаян бүлдіршіндерді аш қалдырмас үшін, азық-түлік дүкенін ашады. Дүкен иесі жалдау ақысын екі айға артығымен алады. Кейін келіншекті қуып шығады. Тіпті сөредегі тауарды ды шығарып тастаған.
"Анамның қанша пенсиясын алдым, ақшасын алдым, қарызға батырдым. Алды ақшаны енді заңсыз мені мына жерден шығарып тұр",-дейді Көп балалы ана Ақбаян Жалмұрзаева. Сөйтіп күнделікті табыстан қағылған әйел тұрып жатқан жатақханаға қарыз болып қалады. Жалғызбасты ананы олар да 4 баласымен қуып шығады. Қожайын Ақбаянды танымаған кейіп көрсетті.
-Неге 4 баласымен ананы шығарып жібердіңіздер?
-Е біз не әкімшілікпіз бе? Оған общежития. Айлығын төлемейді. Қанша ай болды.
-31-інде төлеуі керек қой. -31 төлемеген. енді не пришли?
Аудандық әкімдік те мән-жайды өз көздерімен көрді. Қызметкер отбасына көмектесуге келгенде, иығын қиқаң еткізді.
- нет только сейчас мы узнали про эту ситуацию о том что... Того что выселили с общежития я не знаю.
Енді Ақбаянның ісімен адврокат айналысады. Ол дүкен қожайынын сотқа тартпақшы.
"Ол кісінің істеген жұмысын сот арқылы мойындату, содан кейін моральный ущерб материальный ущерб. Осыған дейін 750 мың теңге төлеген заңсыз. Сол ақшаны қайтарып аламыз",-дейді заңгер Ахметола Демерхан.
20 жасында тұрмысқа шығып, күйеуімен қол ұстасып Қызылордадан астанаған арман қуып келген Ақбаян әлі де әділдік үшін күресуге әзір.