Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айжан Байзақова АҚШ-қа көшкісі келетінін, Қазақстанда өзіне талай қастандық жасалғанын айтты

Айжан Байзақова АҚШ-қа көшкісі келетінін, Қазақстанда өзіне талай қастандық жасалғанын айтты
ашық дереккөз
Байзақова: Мен қазір отбасыма, балама керекпін. Өз өміріме қауіпсіз жерде өмір сүргім келеді
Қазақстан халқын өзіне қаратқан Айжан Байзақова жалаңаштанып бүгінде үлкен танымалдыққа ие болғанының арқасында табысты адамға айналғанын жасырмайды. Тіпті ол желідегі жұмысын үлкен кәсіпке айналдырып бүкіл отбасын бағып отырғанын да жасырмайды, деп жазды KYN.KZ. Байзақоваға қарсы Ұятмендер алғашында қатты белсенді болатын. Қазір көпшілік Айжанның өзіне де қылығына да, былапыт сөзіне де үйреніп кеткен сыңайлы. Себебі, оны сөз ететіндер азайған. "Алғашында маған қарсылар, мені жек көретіндер өте көп болды. Мен өз қылығыма еш ұялмаймын. Себебі, қарапайым актриса кезімде ешкім мені елемеді. Көптің бірі болып жүребердім. Табысым да аз болды. Сондықтан мен осындай тәуекелге бардым деп айта аламын. Қазір мені танымайтын адам жоқ. Ол мақтаныш емес әрине. Өзіме де қиын. Маған ашулы кісілер қастандық жасауға дайын тұрады. Талай мәрте көлігімнің дөңгелегін жарып кеткендер болды. Жолда көлік жүргізіп бара жатсам да еркін отыруға қорқамын. Себебі, жігіттер мені қысып, сырып өтуге тырысады. Бұрындары елге "Не істей аласыңдар? Өлтіргілерің келсе мен мұндамын" деген ойда болатынмын. Қазір ұлым бар. Ұлыма,отбасыма керекпін, сондықтан ондай батылдық қазір бойымда жоқ. АҚШ-қа көшіп кеткім келген. Виза ала алмадым. Енді тағы құжат жинаймын. Қазақстанда не істеймін?  АҚШ-қа барып, ұлыммен еркін өмір сүргім келеді. Мында дүкенге барсам да ізіме адамдар түседі. Үлкен тәтелерге дейін суретке түсіріп, мазамды алады",- дейді Айжан Байзақова.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар