Басты жаңалықтар
Байзақова: Ата-анам мұсылман болғанымен мен дінсізбін
- автор kyn.kz
- 8 маусым, 2019
- 672
Аты шулы Айжан баласының әкесі туралы, қайын жұрты жайлы ашық айтты
Есімі шудан арылмайтын блогер ұлының әкесімен заңды түрде некеде болмағанымен кәдімгі ерлі -зайыптыларша бірге тұрады. Сүйіктісінің ата-анасы Байзақованың өздеріне немере тауып бергенін естігенде шошып кеткен, деп жазды KYN.KZ "Әрине біз үш жылдан артық кездесіп жүрдік. Яғни, ғашық болып,азаматтық некедеболдық. Баланы жоспарлаған жоқпыз. Аяғым ауыр екенін білгенде бірден айттым. Ол үйленудің қамын ойлап, тойды жоспарлап кетті. Мен бірден тоқтаттым.
Ондай той, артық шығын деген дүниелерге жаным әуес емес. Аяғым ауыр болғанда әкем үшін тудым. Ол кісінің немересі жоқ. Немерелі болып, ата атанғанын қаладым. Сондықтан да бірден өмірге алып келемін деп шештім.
Ұлымның әкесі барлық әкелерше өз перзентіне мейірімді. Күнделікті тәрбиесіне, өміріне араласып отырады. Сүйіктім өте қызғаншақ десем болады. Ол әдемі емес. Маған ер адамдардың әдемі болғаны ұнамайды. Оны қызғанып отыратын жайым жоқ.
Барлық жобаларым жайлы, тіпті әлеуметтік жобадағы тойым жайлы да онымен ақылдасып отырамын. Оның ата-анасы меннен немерелері болатынын естігенде шошып түскен. Бірақ кейіннен бәрін дұрыс қабылдады. Қазірге дейін немерелерін көрген жоқ. Бұйырса көрежатар",- дейді Айжан.
Байзақова өзін ешқандай діннің өкілі емеспін деп санайды. Оның отбасындағылар мұсылман дінін ұстанған. Анасы біраз уақыт бұрын бес уақыт намаз да оқыпты.
"Мен ешқандай дінде емеспін. Анам бірнеше жыл намаз оқыған. Сондықтан болар, Құдай қаласа, піссімілдә деген сөздерді айтып қаламын. Мен қалай мұсылманмын деп айта аламын? Егер қолыма Құранды ұстап көрмесем, бір сүре айтқан емеспін. Сондықтан өзімді дінсізбін деп айта аламын.",- дейді Айжан Байзақова.