Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы мен Нұр - Сұлтанда митингке шыққан азаматтар жаппай тұтқындалды

Алматы мен Нұр - Сұлтанда митингке шыққан  азаматтар жаппай тұтқындалды
ашық дереккөз
ІІМ: Көпшілік Қазақстанда тыйым салынған ҚДТ экстремистік ұйымының шақыртуы бойынша жиналған.
Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында елде тыйым салынған ҚДТ ұйымының шақыруымен жиналған жүздеген адам туралы Митингтер Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында болып өтті.

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев Нұр-Сұлтан қалаларында жиналған адамдар жайлы айтты.

Ол сайлаудың алдында халықты шет мемлекеттен белсенді түрде дайындағанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі аталған қалалардағы қоғамдық тәртіпті бұзушыларға қарсы шаралар қолданып жатыр.

Мұндай кертартпа әрекеттерге қарамастан, қазақстандықтар сайлау учаскелерінде дауыс беруді жалғастыруда.

"Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында Қазақстан сотымен тыйым салынған ҚДТ экстремистік ұйымның шақыруымен жүзден көп адам жиналды.

Белгілі болғандай, ұйымның қашқын басшылары елімізде биліктің беделін түсіру, кезектен тыс президент сайлауына бойкот жасау бойынша жаппай насихат жүргізіп, сайлау кезіндегі қоғамға қарсы іс - қимылдарға шақырды", - деді ол.

Қожаев қазіргі уақытта 100-ге жуық адам ұсталғанын хабарлады. Оның сөзінше, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік шаралары қабылданып жатыр.

"Біз қазір қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау бойынша шаралар қабылдап жатырмыз. Біздің заңымызда кез келген бейбіт жиналыстар, шерулер, демонстрациялар, митингілер өткізу тәртібі нақты көрсетілген. Заңды талаптарды сақтамағаны үшін заң бұзушылар заңда көзделген жауапкершілікке тартылады", - деп атап өтті Марат Қожаев.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар