Басты жаңалықтар
"Жағымды бір жаңалық келді": Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдады
- автор kyn.kz
- 9 маусым, 2019
- 214
Президент ішкі тұрақтылық болса, реформалар ары қарай ойдағыдай жүргізілетінін мәлімдеді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев №115 сайлау учаскесінде дауыс бергеннен кейін арнайы баспасөз мәслихатына қатысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жаңа ғана жағымды бір жаңалық келді. Еліміздің мақтанышы, танымал боксшымыз Головкин тағы да жеңіске қол жеткізді. Сондықтан келешекте бәрі дұрыс болады деп ойлаймын. Әйтеуір, басты құндылығымыз – татулық, ынтымақ пен бірлік сақталады. Бұл – ең басты мәселе", - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, ішкі тұрақтылық болса, реформалар ары қарай ойдағыдай жүргізіледі.
Айта кетейік, биыл Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатқаннан кейін заңға сәйкес сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев президент лауазымына келді. 20 наурызда ол ант беріп, Қазақстан президенті қызметіне кіріскен болатын. Тоқаев 2020 жылға, яғни Назарбаевтың мандаты аяқталғанша президент қызметін атқара алады. Дегенмен, 9 сәуірде ол кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді. Сайлау 9 маусымға белгіленді.