Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Заитов түн ортасында алаңға келіп, өзін қолдаған мыңдаған халықты таратты

Заитов түн ортасында алаңға келіп, өзін қолдаған мыңдаған халықты таратты
ашық дереккөз
Ақын: Барлығыңызға мың алғыс, жылағым келіп тұр
Ақын Ринат Заитовты қамауға алғаннан кейін мыңдаған адам Алматыда алаңға жиналып ақынды құзырлы орган босатпайынша тарқамайтындарын айтқан еді. Ақынның өзі 23:30 шамасында көпшіліктің алдына шығып оларға алғысын айтып, үйлеріне тарауды сұрады. "Мен қазір үйден келіп тұрмын. Көңілім босап, көзіме жас келіп тұр. Ешкім қалмады, ұсталғандардың барлығы босатылды. Тараңыздар. Қазір арандатушылар көп. Мына жиынымыз басқа нәрсеге ұласып кетпей тұрғанда тараңыздаршы. Сіздер үшін жанымды қиюға бармын",-деді ақын. Осылайша талаптары орындаған халық еш даусыз үйлеріне тарап, үлкен қошеметпен Ринат Заитовты үйіне шығарып салды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар