Басты жаңалықтар
Қазақстан президенті мұғалімдер мен дәрігердің мәртебесін, айлығын көтеретін заң қабылдады
- автор kyn.kz
- 12 маусым, 2019
- 215
Тоқаев: Халыққа бірінші орында қолжетімді медицина мен дұрыс білім керек
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысқа кірісе салысымен бірқатар заң жобаларды қабылдап, бірінші кезекте халықты әл- ауқатын көтеруге жұмыс істеу керектігін айтты, деп жазды KYN.KZ Елордада Қазақстанның жаңадан сайланған президентін ұлықтау рәсімі өтті. Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды одан әрі дамытудың он бағытына тоқталды. Соның алтыншы бағыты – әділетті әлеуметтік саясат жүргізу.
"Бұл бағытта, ең алдымен, не істеуіміз қажет? Жаппай білім беруді қолдау және барлық тұрғынға сапалы медициналық қызмет көрсету.
Біз мұғалімдердің және дәрігерлердің мәртебесін көтеретін жаңа заңдар қабылдаймыз. Олардың құқығын қорғап, материалдық жағдайын жақсарту үшін тиісті жағдай жасаймыз", - деді президент.