Басты жаңалықтар
Жетісайда үш қызды азаптап келген өгей шешенің қылығы соттағыларды шошытты
- автор kyn.kz
- 13 маусым, 2019
- 220
Сотталушы күйеуінің бірінші некеден қалған үш қызын екі жылға жуық тырнақ астына ине тығып, мұздатқышқа қамап, тіпті ыстық суға отырғызып қинап келген.
Түркістанда басталған процесс жабық өтуде. Айы-күні жақындап, босанғалы отырған Жұлдыз Көбееваға қатысты екі баппен іс қозғалған.
"110-шы бабы 2 бөлігі 1-ші 2-ші тармағы, сосын ҚР кодексінің 140-шы бабы 2-ші бөлігімен қаралып жатыр. Екіншісі, 140 деген ол «ата-аналық борышын дұрыс атқармаған».",- дейді судья Қанатбек Қоңырбаев.
Жетісайлық 28 жастағы келіншектің кәмелетке толмаған үш қызды аса қатыгездікпен қинап келгені биыл сәуір айында әшкере болған.
Қинау түрлері мен мерзімін жазып отыру үшін тіпті арнайы дәптер арнапты. Қыздардың бірі шыдай алмай мұғалімге айтқан соң ғана өгей шешенің өзі қамауға алынып, оның 2-ге толмаған ұлы бөбектер үйіне өткізілген-ді. Ал, денесінде сау тамтық жоқ үш өгей қыз кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жөнелтілді. Келесі сот отырысы 17-ші маусым күні болады деп жоспарлануда.