Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Заитов: Сіздер мені әрине қазір көріп тұрған жоқсыздар, расында мен жылап тұрмын

Заитов: Сіздер мені әрине қазір көріп тұрған жоқсыздар, расында мен жылап тұрмын
ашық дереккөз
Ақын Ішкі істер департаментінде болған жағдайды көзіне жас ала отырып баяндап берді.
Ақын Ринат Заитов митингіде өзін қолдаған халыққа көзіне жас ала отырып алғыс айтты, деп жазды KYN.KZ сайты. Ақынның сөзінше ел басына күн туған сәтте өзін қолдап, басын бәйгеге тігіп бір сәтте жинала қалған барлық адамды елі үшін жанын пида ететін батыр деуге болады. Митингіден кейін бірнеше күн ел назарынан ғайып болған ақын алдымен қайда екені жайлы айтты. "Әзірге тыныштық. Маңайымдағы адамдардың қайсысы жанашыр, қайсысы арандатушы екені ептеп білініп келеді. Алатаудың алдына шыққан себебім Халыққа уәде бергенмін алдансам алдыларыңа шығып кешірім сұраймын деп. Мен Қазақпын ал қазақтың жігіттері екіжүзді болмауы керек. Сөзімде тұрдым! Сол сәттегі жағдайды пайдаланып, ары қарай мені өз ойындарына кіргізгісі келетін арсыздарға ермеймін. Халық та ермейді ақымақ емеспіз. Аблязовқа, Қосановқа айтарым еркек болса елден кешірім сұрасын. Ешқашан ешкімнен ақша да, басқа да алып,елімді алдаған емеспін. Солай болып қаламын!!! Мен халықты өзім алданған өтірікке сендіргенім үшін айыптымын. Бар кінәм сол. Сол үшін экранның ар жағынан емес Халықтың алдында кешірім сұрадым. Ол жасағаным қылмыс емес шығар. Ұлтым үшін туғанымды өлгенше дәлелдеп өтуге дайынмын! Тек уақыт беріңіздер.",-  дейді Ринат. Араға бірнеше уақыт салып ақын өзіне қолдау көрсеткен халқына өлгенше қарыздар екенін айтты. "Ардақты ағайын мен жер бетіндегі ең бақытты ақынмын. Басыма күн туған сәтте мені Халық қорғады. Осы жазбаны жазып көзіме жас толып жылап отырғанымды сіздер әрине көрмейсіздер. Ештеңе етпейді. Мен ІІД-ның ішінде отырғанда сіздер далада мені қорғап тұр деп естігенде төбемнен жай түскендей болды. Жүрексіздерге жем болып жатқан жазықсыз жұртының мұңын жоғарыға жеткізе алмай жүрген жаман ұлын Халық осылай сақтайды деп кім ойлаған?. Рақмет сіздерге!!! Бәріңізге өмірлік қарыздармын! Алғысымды жеткізетін сөз таппай қиналып отығаным ай... Бар шаруасын ұмытып, басын бәйгеге тігіп келген сіздер нағыз батырсыздар! Бәріңізге Алланың нұры жаусын! Мені танымаса да Ринатым деп келген адамдар, достарым,әріптестерім, туыстарым, бауырларым Ант етейін сіздерді ешқашан сатпаймын! Ғұмырым жеткенше сіздердің сөздеріңізді сөйлеп,сіздер үшін ештеңеден тайсалмаймын! Мен сіздерге өмірлік қарызбын ағайын! Барлығыңызды құшақтадым. Аман болайық. Сүйемін сіздерді!",-  деп жазды ақын Ринат Заитов. Тағы оқыңыз:

Ринат Заитов: Халқым, мен Қосановқа алданып қалдым (видео)

Айжан Байзақова АҚШ-қа көшкісі келетінін, Қазақстанда өзіне талай қастандық жасалғанын айтты

Байзақова: Ата-анам мұсылман болғанымен мен дінсізбін

Дана Тұрарбек: Академияда мұғалімдер мені шошқаға теңеп, Мадиярды ұсқынсыз деп 6 жыл оқудан құлатты

Ләйлә Сұлтанқызы өзін сұхбатқа шақырған Қарақатты састырып тастады (видео)

Сәуле Әбединованы бір топ әйелдің не үшін сабағаны анықталды

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар