Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Имам Мұсылман дінінде балаға есімді кімнің қойғаны дұрыс екенін түсіндірді

Имам Мұсылман дінінде балаға есімді кімнің қойғаны дұрыс екенін түсіндірді
ашық дереккөз
Қабылбек ұстаз нәрестеге кімдердің есім беруге лайықты екенін айтты
Көпшілік нәресте дүниеге келмей жатып оған мағыналы есім таңдауға кірісіп кетеді. Халық арасында бірі балаға есімді әкесі қою керек десе, бірі ағайындар арасында үлкен кісінің қойғаны жөн деп жатады. Осы сұраққа Қабылбек ұстаз жауап берді, деп жазды KYN.KZ. "Кейде адамдар хабарласады. "Ұстаз, балам дүниеге келді, бір есім айтсаңыз" дейді. Мен айтам "әке-шешең тірі ма?" деп сұраймын. Тірі болса балаға есім қою құрметі де міндеті де сол кісілерде. Сондықтан балаға есімді атасы мен әжесі таңдайды. Біздерге есім қою әлі ерте. Біз қашан есім қоямыз, балаға ат таңдаймыз? Бұйырса ата атанамыз, әже атанамыз. міне сол кезде есім қоямыз",- дейді Қабылбек ұстаз.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар