Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Азат Әбілдаев: Тойға, концертке, мені түрі аянышты дейді ма шақырмайды

Азат Әбілдаев: Тойға, концертке, мені түрі аянышты дейді ма шақырмайды
ашық дереккөз
Әнші топ тарап кеткеннен кейін қарызға батып жеке әнші ретінде клип түсіріп, әндер жаздырып барынша еңбек етіп жатқанын айтты.
Кезінде "Сәт" триосында өнер көрсеткен Азат Әбілдаев сол үш жігіттің ішінде өнерде қалғаны.  Басында үшеу, кейіннен екеу болып ән салып жүрген жігіттерді продюсері таратып жіберген. Үйреніп қалған  жұмысым, бойымдағы өнерім деген Азат қанша қорықса да қарызданып жүріп осы салаға қайта оралғанын айтады, деп жазды KYN.KZ  "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасай отырып. "Топ мүлде тараған кезде қатты қорықтым, үш ай әрекетсіз жаттым. Біраз күйзеліске түстім десем де болады. Ақыр соңында ойланып, екі миллион теңге несие алдым. Соған әндер жаздырып, бір клип түсірдім. Мені тойға да шақырмайды. Бағдарламаларға да аз шақырады. Шақырған күннің өзінде аянышты, мүмкіндігі шектеулі жандар туралы болады. Халық бізді неге аяйды түсінбеймін. Тойда көңіл-күйлері түсіп кетпеу үшін ба шақырмайды. Неге бізді аяйды? Мысалы, мені аяудың еш керегі жоқ. Тек еңбегімді бағалап, адал нанымды тауып жесем екен деймін. Халық жеке кемшілікке көңіл аудармайтын жағдайға жетсе екен деймін. Былай ешқашан еңбектенуден қашқан емеспін. Қазір әншілер жайлы бағдарламаға хабарласып, мені түсірсеңіз деп сұранатын болдым",- деді әнші Азат.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар