Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Арыс тұрғындары қаладан толықтай эвакуацияланып жатыр (фото,видео)

Арыс тұрғындары қаладан толықтай эвакуацияланып жатыр (фото,видео)
ашық дереккөз
Облыс әкімі басқа аудан әкімдеріне тұрғындарға уақытша жай дайындауды тапсырды.
Облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев Арыстағы жағдай туралы мағлұмат берді. Әкім халықты дереу қауіпті аймақтан көшіріп әкету мәселесін бірінші орындау керектігін ескертті, деп жазды KYN.KZ «Әскери бөлімде жарылыс болды. Сағат 09.20 кезінде хабарлама түсіп, төтенше жағдай жарияланды. Жақында орналасқан барлық аудандар мен елдімекендер жұмылдырылды. Қазір оқиғаның ауқымына баға бере отырып, қаланы толығымен эвакуациялау керектігін ұқтық. Сондықтан, барлық бағыт бойынша көліктер легі өтеді. Көліктер адамдарды тиеп алып, арнайы лагерьлерге орналастыратын болады. Барлық аудан әкімдері лагерьлерді ұйымдастыруды қолға алып, келгендердің тізімін жасауы керек. Әрбір әкімге тапсырма: келгендердің бәрін үйге немесе қонақүйге орналастыру керек. Әрбір лагерьді аудан әкімдері басқарады. Қазір эвакуция мәселесі бар. Біз сонымен айналысып жатырмыз», - деді Өмірзақ Шөкеев.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Шүкеев Арыстағы әскери база жайлы

Публикация от KYN.KZ (@kyn.kz)

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар