Басты жаңалықтар
Айдарбекова Қайраттың жолын ашып, оны тіл-көзден сақтау үшін жасайтын амалдарын бөлісті
- автор kyn.kz
- 30 маусым, 2019
- 334
Қайраттың анасы: Бірнеше әдісті қолданам. Су, тұз,дұға, түрлі тастарды қолданамын.
Танымал әнші Қайрат Нұртасты жұрт қанша сынап-мінегенімен әншінің дәрежесі жыл санап көтерілмесе түскен емес. Қайрат айына бір хит ән жазып, бірнеше фильмдерге де түсіп үлгерді.
Гүлзира Үсенқызы Қайраттың жолы болғыш кененін айтады. Әрі баласының жолын ашып, оны тіл-көзден сақтау үшін өзі де бірнеше әдістерді қолданатынын айтып қалды, деп жазды KYN.KZ "Қайрат бала күнінен жолы болғыш адам. Қарапайым киім алғанның өзінде ерекше дүниелер жолынан шыға қоятын. Басқа балаларым сияқты киім таппай деген сияқты жай мәселелер де болмапты онымен.
Мысалы, бір дүкеннен киім алсақ, сол жерден Қайрат таңдаған затқа сай тағы бір киім шығады, немесе сол қыздардың өздері келесі дүкендердегі аяқ киімді өздері тауып бере қояды.
Бұрындары қаза тілді әнші жігіттер тек қара костюм киетін. Әрі кетсе оюлысын. Мен шетелден көріп осы Қайратқа тастары бар киімдер кигізуді шығардым. Әр концерттен кейін көз сол киімге өтсе керек костюмның тастары төгіліп қалатын.
Кейін, тұзды басынан айналдырып, оны отқа тастайтынмын. Сосын сумен жасайтыным бар. Жаңағы бәле-жала сонымен кетсін деп бетін сумен жуамын. Негізі бала үшін анасы жасаған дұғадан артық ем жоқ дейді. Бірақ, кейде басқа кісілерге оқытып жатамыз.
Кейде одан да қорқамын. Баламның бойындағы жақсы қасиеттерді алып қояды ма деп те қорқамын",- деп көзіне жас алды әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Үсенқызы.