Басты жаңалықтар
Арыстағы жарылыстан зардап шеккен 50 адам әлі ауруханада жатыр
- автор kyn.kz
- 30 маусым, 2019
- 747
Ауыр жарақат алған төрт адам Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына жеткізілді
Арыстағы жарылыстар кезінде зардап шеккен 50 адам ауруханада жатыр. Бұл туралы науқастармен кездесу кезінде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта 50 науқас ауруханада ем қабылдап жатыр. Ауыр жарақат алған екі адам Нұр-Сұлтан қаласына, тағы екі адам Алматыдағы емдеу мекемелеріне жеткізілген.
"Қажетті дәрі-дәрмек бар, медициналық көмек штаттық режимде көрсетіліп жатыр", - деді Біртанов.
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, қазір Арыс халқына медициналық көмек көрсету үшін 17 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Бұл іске төрт жылжымалы кешен, Ұлттық сараптама орталығының 18 қызметкері мен 2 жылжымалы зертхана жұмылдырылған. Сондай-ақ, радиациялық бақылау тобы Арыс аумағын тексерді. "518 зерттеу жүргізілді. Радиация деңгейі санитарлық нормаларға сай. Сондай-ақ жарылыс аумағындағы жер қыртысы тексерілді", - деді Біртанов. Министр атмосфералық ауа елуге жуық рет тексерілген атап өтті. Микробиологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткіштерді зерттеу жұмыстары жүргізілген. Олар да нормаға сай.Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




