Баланы іздестіруге шыққан туғандары көпірдің жанынан баланың заттарын, дүкеннен сатып алған азық-түлікті тауып алған.
Олар полицейлерді шақырды. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары іздестіру барысында өзеннің ортасынан баланы байқап қалған. Оны қатты ағыс шайып әкетіп жатты. Баланы ұстап, құтқару тек келесі көпірге жеткенде ғана мүмкін болды.
ДП-да атап өткендей, келесі көпір баланың заттары табылған жерден 2 шақырым жерде орналасқан.
"Біздің патрульдер Айдар Карабаланов, Руслан Тезекбаев және СОБР жауынгері Нұрбол Мегзам күшті ағымға қарамастан, суға батып бара жатқан балаға жүзіп барып, оны судан алып шықты", - деп айтылды ведомствода.
Баланың туыстары тәртіп сақшыларына алғыстарын білдірді.